10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қайрат Нұрдәулетов: "Кенжебек Ресейде де, Бразилияда да ойнай алады"

Сарапшы, спорт журналисі
06.01.2026, 11:34

Отандық белгілі маман Ғалымжан Кенжебектің Ресей чемпионатына ауысуын бағалады.

Ғалымжан Кенжебек. Фото: ҚФФ

«Жетісу» клубының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебектің «Ахматқа» мүмкін болатын ауысуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Fonteam YouTube-арнасы хабарлайды.

"Менің ойымша, қайда барса да — Ресейге ме, Бельгияға ма — біздің жігіттерге ойнау керек. Ол «Ахматта» болсын, Бельгияда немесе Шотландияда болсын, бәрібір біздің чемпионаттан кету қажет".

Бапкердің айтуынша, Ғалымжан еңбектенсе, оның кез келген жерде ойнай алатынын алға тартты:

"Зайнутдинов «Ростовта» жақсы ойнады, ЦСКА-да да тамаша өнер көрсетті. Меніңше, бәрі адамның өзіне байланысты. Егер ертең Кенжебек кішкентай қиындықтарға төтеп бере алмай, сынатын болса — бәрі бітті, ол екі жылдан кейін Қазақстанға қайта оралады. Ал егер ол дамуға ұмтылып, еңбек етсе, онда Ресейде де, Бразилияда да, кез келген жерде ойнай алады. Кенжебек — сондай жігіт", — деді бапкер.

Айта кетейік, бұған дейін «Елімай» клубы Кенжебектің кеткенін ресми түрде жариялаған болатын. Ол шілде айында словакиялық «Кошице» клубынан «Елімайға» ауысқан еді. КПЛ-дегі жарты жыл ішінде ол 11 матч өткізіп, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Мәліметтерге сәйкес, вингер грозныйлық «Ахмат» клубына ауысады.

Реклама
Реклама