10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Жанкүйерлердің қалтасын тексеретін сәт: "Қайрат" – "Брюгге" матчының билеттері сатылымға шықты

Сарапшы, спорт журналисі
08.01.2026, 19:13

"Қайрат" ФК Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі кезекті матчына билеттердің сатылымға шыққанын хабарлады.

instagram/@f.c.kairat

Матч қашан және қайда өтеді?

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, бельгиялық "Брюггеге" қарсы Чемпиондар лигасының 7-турындағы ойын 20 қаңтарда "Астана Аренада" өтеді. Осы матчқа арналған билеттердің сатылымы басталған.

Орындарға байланысты билеттер төрт санатқа бөлінген:

1-категория — 50 000 теңге
2-категория — 35 000 теңге
3-категория — 25 000 теңге
4-категория — 15 000 теңге
 

Бұған дейінгі матчта да баға өзгермеді

Айта кетейік, "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы 6-турда "Астана Аренадағы" "Олимпиакосқа" қарсы ойынына сатылған билеттердің құны да осы деңгейде болған.

Еске сала кетсек, "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы 2-тур ("Реал") және 3-тур ("Пафос") матчтары Алматыдағы Орталық стадионда өткен. Ол кезде билеттер 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін сатылып, бұл жағдай қазақстандық жанкүйерлер арасында қатты сын мен наразылық тудырған.

Реклама
Реклама