10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Эль-Класико нағыз гол шоуына айналды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 02:15

Сауд Арабиясының Джидда қаласында Испания суперкубогының финалы өтіп, алаңға мәңгілік қарсыластар — "Барселона" мен "Реал" шықты. 

Outlook India

Көрермен күткен үлкен матч 3:2 есебімен "Барселонаның" жеңісімен аяқталды. Кездесу әсіресе алғашқы таймда ерекше қарқын алды. 

Алғашқы 45 минутта жалпы төрт гол соғылды. Оның үшеуі қосымша уақытта соғылып, ойынға айрықша интрига қосты.

"Барселона" сапынан Рафинья (36’) және Роберт Левандовски (45+4) мергендік танытты. Ал "Реал" құрамынан Винисиус Жуниор (45+2) мен Гонсало Гарсия (45+6) жауап берді.

Үзілістен кейін ойын сабасына түскендей көрінгенімен 73-минутта Рафинья екінші голын соғып, "Барселонаны" алға шығарды. Матч соңында каталондықтардың капитаны Френки де Йонг алаңнан қуылды.

Осы жеңістің арқасында "Барселона" Испания суперкубогын 16-рет иеленіп, турнирдің абсолют рекордын жаңартты.

Реклама
Реклама