10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ұлттық құрама шабуылшысы клубтардан ұсыныс күтуде

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:06

Дәурен Жұмат әзірге еш бір клубпен келісімшартқа қол қоймаған.

Дәурен Жұмат. Фото: "Оқжетпес" ФК

Көкшетаулық «Оқжетпес» клубының және Қазақстан құрамасының футболшысы Даурен Жұматтың жаңа клуб іздеуіне қатысты тың мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды AmanVIBE.

"26 жастағы шабуылға бейім жартылай қорғаушы Даурен Жұмат әлі де алдағы маусымға қай клубта ойнайтынын нақтылаған жоқ. Өткен чемпионаттың үздік сұрмергендерінің бірі мансабын жалғастырудың бірнеше нұсқасын қарастырды және теориялық тұрғыда Қазақстаннан тыс жердегі оқу-жаттығу жиындарында болуы да мүмкін еді, алайда түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ".

Дереккөздің айтуынша ойыншы топ-клубпен келісімшартқа отырғысы келеді:

"Қазіргі таңда Жұмат ең нақты келіссөздерді шымкенттік «Ордабасы» клубымен жүргізіп отыр. Клуб жартылай қорғаушының қызметіне қызығушылық танытып, оны алдағы маусымда өз құрамында көргісі келеді. Дегенмен, тараздық футболшы ұсынысты қабылдауға асықпай, ҚПЛ-дің топ-5 клубтарынан түсетін нұсқаларды күтуге ниетті".

Мүмкін деген бағыттар қандай болуы мүмкін?

Айтылған ақпаратқа сәйкес, алматылық клуб Жұматқа қызынушылық білдірмеген:

"Мүмкін бағыттарды қарастырар болсақ, алматылық «Қайратты» бірден жоққа шығаруға болады — бұл трансфер бас бапкердің жоспарына кірмейді. «Астана» теориялық тұрғыда нұсқа болуы мүмкін, алайда елордалық клубтың қазіргі басымдығы — қаптал қорғаушы позициясын күшейту. «Тобыл» нұсқасы да күн тәртібінде болған: тараптар келіссөздер жүргізгенімен, ортақ мәмілеге келе алмады. «Елімай» бірқатар себептерге байланысты үміткерлер қатарынан шығып қалды, ал «Ақтөбеге» ауысу әзірге екіталай — клуб ішкі нарықта белсенді әрекет жасауды жоспарлап отырған жоқ, тек егер оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша Костов кейбір ойыншыларды жарамсыз деп тапса ғана жағдай өзгеруі мүмкін".

Дереккөздің ақпары бойынша, нақты шешім әлі жоқ:

"Барлық факторларды ескере отырып, дәл қазір Даурен Жұматтың мансабын жалғастыруы үшін ең шынайы әрі өзара тиімді нұсқа ретінде «Ордабасы» көрініп тұр. Теориялық тұрғыда ықтимал бағыттар қатарына «Қайсар» мен «Қызылжарды» да қосуға болады, алайда бұл екі клуб та аталған позицияда жас ойыншыларға сенім артып отыр және қайтадан нақты ұсыныспен шығуы екіталай", – деп жазады дереккөз.

Еске салайық, өткен Қазақстан Премьер-Лигасы маусымында Даурен Жұмат «Оқжетпес» сапында 25 матч өткізіп, 12 гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Осы көрсеткіштерінің арқасында ол чемпионат қорытындысы бойынша үздік сұрмергендердің топ-5 қатарына енді.

Реклама
Реклама