10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Самат Смақов пен ұлттық құрама ойыншылары "Ертіспен" қоштасады ма?

Сарапшы, спорт журналисі
12.01.2026, 17:09

Жақын арада Павлодардың "Ертіс" клубында басшылық пен бапкерлер штабы ауысуы ықтимал.

Instagram/@ertis_fk

Командада ауқымды өзгерістер күтіледі

Алдағы күндері "Ертіс" құрамы айтарлықтай өзгеріске ұшырамақ. Ақпаратқа сәйкес бірқатар ойыншы клубпен келісімшартқа қол қоюдан бас тартуы мүмкін. Олардың қатарында Қазақстан құрамасына шақырылатын футболшылар да бар: қорғаушылар Сұлтанбек Астанов, Темірлан Ерланов және Сағадат Тұрсынбай.

Легионерлер де шешімін өзгерткен

Дереккөз мәліметінше, павлодарлық клубқа шақырылған легионерлердің де жағдайы күрделі.

Бұрын Украина құрамасында ойнаған жартылай қорғаушы Евгений Макаренко "Ертістің" ұсынысына қарамастан Петропавлдың "Қызылжарына" ауысуды жөн көрген.

Ал өзбекстандық ойыншы Шохбоз Умаров соңғы сәтте Павлодарға келуден бас тартып, "Бунёдкор" клубымен келісімшартқа қол қойғаны айтылады.

Клубтың жаңа бас бапкері ретінде бұрын "Елімай", "Жеңіс" және "Жетісу" командаларын жаттықтырған Самат Смақовтың кандидатурасы қарастырылған. Алайда соңғы ақпарат бойынша бұл қызметке Беларусьтен шақырылатын тәжірибелі маман келуі мүмкін.

Реклама
Реклама