10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Елордалық клуб Әлиевтің отставкасы туралы мәлімдеді

Сарапшы, спорт журналисі
12.01.2026, 19:38

"Жеңіс" бас бапкердің көмекшісі Пиралы Әлиевтің командадан кеткенін жариялады. 

Instagram/@jenisfk.kz

"Жеңістің" инстаграмдағы мәлімдемесі

Клуб әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Пиралы Әлиевпен келісімшарттың аяқталғанын және маманның жаңа қызметке тағайындалғанын мәлім етті. Ақпаратқа сәйкес, Пиралы Әлиев енді "Каспий" ФК бас бапкері болып тағайындалған.

"Жеңіс" тарапы бапкерге атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы бапкерлік жолына сәттілік тіледі.

Пиралы Әлиев "Жеңіске" қашан келген еді?

Пиралы Әлиев "Жеңіс" клубында жұмысын 2025 жылдың басында жұмысын бастаған. Ал маусым айында ол бір кезеңде бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы ретінде команда тізгінін ұстап, төрт матчқа жетекшілік еткен.

Бұған дейін астаналық клубтың бас бапкері қызметіне Әли Әлиев келгені белгілі болған. Ол — Пиралы Әлиевтің ағасы. Мәлімет бойынша, Әли Әлиев "Жеңіске" дейін Қазақстан құрамасын басқарған.

Реклама
Реклама