Реклама
Реклама

"Қайрат" – "Брюгге" матчына Бельгиядан 500 жанкүйер келмек

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:37

Чемпиондар лигасының жетінші тур аясындағы матч "Астана-Арена" алаңында өтеді. Әзірге "Қайрат" алты ойыннан кейін турнирлік кестеде соңғы орында келеді.

Сурет: ашық дереккөзден

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі жетінші тур аясында «Қайрат» өз алаңында бельгиялық «Брюггені» қабылдайды.

Кездесуге Бельгиядан шамамен 500 жанкүйердің келуі күтіліп отыр. Олар «Астана Аренада» қонақ команданы қолдап, трибунада өз секторын қалыптастырады деген болжам бар.

Ойын 20 қаңтар күні өтеді. Басталу уақыты – Қазақстан уақытымен 20:30.

Турнирлік кестеге көз жүгіртсек, бельгиялық клуб алты ойыннан кейін небәрі 4 ұпаймен 31 орында. Ал "Қайрат" 1 ұпаймен тізімнің соңында.

Реклама
Реклама