Реклама
Реклама

Ұлан Қонысбаев ресми түрде оралды

Сарапшы, спорт журналисі
20.01.2026, 17:33

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаев жанкүйерлерін қуантты. 

instagram/@konysbayev7

“Тараздың” ресми мәлімдемесі

Қонысбаев “Тараз” ФК келісімшартқа қол қойды. Жамбылдықтар ойыншының қайта қосылуын ерекше атап өтіп, тәжірибесі командаға жаңа серпін беретінін жеткізді. Сонымен бірге Ұланның биылғы маусымда ұжымның Премьер-лигаға шығу мақсатына үлес қосып, жастарға тірек бола алатыны айтылды.

Қонысбаевтың мансабындағы клубтар мен жетістіктер

Ұлан Қонысбаев “Тараздан” бөлек ел футболындағы бірқатар танымал клубтардың намысын қорғаған:

  • “Астана”
  • “Шахтер”
  • “Қайрат”
  • “Атырау”
  • “Ақтөбе”

Ол Қазақстан чемпионатының 2011 жылғы үздік футболшысы атанған. Сонымен бірге ел чемпионы, Қазақстан Кубогы мен Суперкубоктарының иегері ретінде де белгілі.

Қазақстан құрамасында 2011-2016 жылдар аралығында ойнап, 32 матч өткізіп, 3 гол соққан.

36 жастағы жартылай қорғаушы 2022 жылдың басында мансабын ресми түрде аяқтаған. Оның соңғы клубы да дәл осы “Тараз” болды.

Реклама
Реклама