Реклама
Реклама

Артета "Қайратқа" қарсы ойнамайтын футболшыларды атады

Сарапшы, спорт журналисі
27.01.2026, 22:08

"Арсеналдың" бас бапкері Микель Артета Чемпиондар лигасында "Қайратқа" қарсы матч қарсаңында командадағы кадрлық жағдай туралы айтты. 

mirror.co.uk

Салиба мен Тимбер: алаңға шығуға дайын емес

Лондондық клубтың жанкүйерлерін алаңдатқан негізгі сұрақ — сейсенбі күні таңертеңгі жаттығуға қатыспаған қорғаушылар Уильям Салиба мен Юрриен Тимбердің жағдайы болды.

Артета олардың бұл кездесуге дайын емес екенін нақтылап, ойыншылармен басқа режимде жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Мақсат — алдағы демалыс күндеріне қарай бабына келтіру.

Тағы екі маңызды жоғалту: Мерино мен Райс дисквалификация алды

Қорғаныстағы екі ойыншыдан бөлек, сәрсенбі күні "Арсеналға" Микель Мерино мен Деклан Райс те көмектесе алмайды. Екеуі де турнирдің алғашқы матчтарында үш сары қағаз жинап, автоматты түрде бір ойынға шеттетілді.

Осылайша "Арсенал" "Қайратқа" қарсы кездесуге негізгі құрамдағы төрт футболшысыз шығуы мүмкін.

Артета не дейді? "Сылтау болмайды" 

Испаниялық маман команда бұған дейін де түрлі турнирлерде жарақат пен дисквалификация мәселесін көп өткергенін айтып, бұл жағдайды сылтауға айналдырмайтынын меңзеді. Сондай-ақ, бірқатар ойыншының қатарға қайта қосылғанын да атап өтті.

"Арсенал" – "Қайрат" матчы 28 қаңтарда Лондондағы "Эмирейтс" стадионында өтеді.

Реклама
Реклама