Йозеф Блаттер жанкүйерлерге қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылық негізінде 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты ойындарына АҚШ-қа барудан бас тартуды ұсынды. Ол бұл пікірін швейцариялық заңгер, жемқорлыққа қарсы сарапшы Марк Пиеттің мәлімдемесін қолдау арқылы білдірген.
Блаттердің айтуынша, Марк Пиет турнирге қатысты күмәнді орынды көтеріп отыр. Пиет бұған дейін швейцариялық БАҚ-қа берген сұхбаттарында АҚШ-тағы ішкі ахуал мен миграциялық қызмет жұмысына байланысты тәуекелдерді атап, жанкүйерлерге сапарды қайта ойлануға кеңес берген.
Блаттер өз кезегінде футбол жанкүйерлеріне “АҚШ-тан аулақ болған дұрыс” деген сарында ескерту жасаған.
БАҚ мәліметінше, Пиет АҚШ-та иммиграциялық агенттерге қатысты оқиғаларды және қоғамдық резонанс тудырған жағдайларды мысалға келтірген. Атап айтқанда, Миннеаполистегі екі бөлек оқиға (Рене Гуд және Алекс Претти туралы) оның жақтастарының АҚШ-қа баруға құлықсыздығын күшейткен фактор ретінде көрсетілген.
2026 жылғы әлем чемпионатын АҚШ, Канада және Мексика бірлесіп қабылдайды. Матчтардың негізгі бөлігі АҚШ аумағында жоспарланған. Турнир 11 маусым – 19 шілде 2026 аралығында өтеді.