Реклама
Реклама

Әлемдегі ең сұлу футболшының жаңа клубтағы дебюті сәтсіз өтті

Сарапшы, спорт журналисі
28.01.2026, 19:38

Швейцария құрамасының ойыншысы Алиша Леманн ағылшындық "Лестерде" алғашқы ойынын көңіл көншітпейтін нәтижемен бастады.

instagram/@alishalehmann7

Алаңға екінші таймда шықты, бірақ әсер қалдырмады

Леманн келісімшартқа қол қойғаннан кейін үш күн өтпей жатып “Лестердің” қатарына еніп, “Вест Хэмге” қарсы матчта ойынға қосылды.

Футболшы екінші таймда алаңға шыққанымен 27 минут ішінде нәтижелі пас та, гол да тіркей алмады. Flashscore порталы оның ойынына 6,3 баға беріп, бұл көрсеткіш екі команданың құрамындағы төмен бағалардың бірі болды.

Кездесу нәтижесінде “Лестер” өз алаңында 1:2 есебімен жеңілді. Айта кетерлігі, “Лестердің” жалғыз голы да тікелей комбинациядан емес қарсылас команда қорғаушысы допты кездейсоқ өз қақпасына бағыттап алды.

Леманнның Англияға оралуы

Еске салайық, Алиша Леманн бұған дейін Англияда “Астон Виллада” ойнаған. Кейін Италияға аттанып, серіктесі – футболшы Дуглас Луистің ізімен басқа чемпионатқа ауысқан.

Жеке өміріндегі өзгерістерден соң, Леманн “Ювентустан” кетіп, “Комоға” ауысқан. Ал қазір қайтадан Англияға оралды.

Болжам бойынша, Италиядан Англияға қайта қоныс аударуына ойыншының жаңа қарым-қатынасы әсер етуі мүмкін. БАҚ мәліметінше, Леманн төменгі ағылшын дивизиондарында ойнайтын Монтела Маккензимен жақын араласатыны айтылады. Екеуі қарым-қатынасын жариялағаннан кейін көп ұзамай Алишаның “Лестермен” келісім жасағаны да назар аудартты.

Реклама
Реклама