Реклама
Реклама

"Ұят!" – Килиан Мбаппе "Бенфикамен" болған матч жайлы

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:14

Чемпиондар лигасының соңғы турында сенсация орын алды. Жозе Моуринью бастаған "Бенфика" мадридтік клубты үздік сегіздік қатарынан шығарып жіберді.

Сурет: ашық дереккөздерден

Мадридтік "Реал" клубының француз шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы турда лиссабондық *Бенфикадан" 2:4 есебімен жеңілген матчтан кейін қатаң мәлімдеме жасады.

"Бүгін көргеніміздің бәрі — қалыпты жағдай емес. Төртінші жіберген голымыз — шын мәнінде ұят. Үшінші гол да ештеңені өзгертпеді. Оларды осылайша өткізіп алғанымыз үшін сәл болса да намыс бар. Мұның бәрін түзетуіміз керек, себебі бұған дейін біз үш ойынды жақсы деңгейде өткізген едік", — деді Мбаппе. Оның сөзін AS басылымы келтіреді.

Еске салайық, "Бенфикаға" жеңіс сыйлаған шешуші голды 90+8-минутта украиналық қақпашы Анатолий Трубин соқты. Сондай-ақ, португалиялық команда сапында Андреас Шельдеруп (36 және 54-минуттар) пен Вангелис Павлидис (45+5) мергендік танытты. Ал Килиан Мбаппе "Реал" құрамында дубль авторы атанды (30 және 58-минуттар).

Реклама
Реклама