Реклама
Реклама

"Астана" мәскеулік "Спартак" және тағы төрт клубпен жолдастық матч өткізеді

Сарапшы, спорт журналисі
03.02.2026, 21:10

"Астана" ФК БАӘ-де өтетін екінші оқу-жаттығу жиынындағы (ОЖЖ) бақылау матчтарының қарсыластарын жариялады.

instagram/@fca.astana

“Астананың” БАӘ-дегі жолдастық ойын кестесі

Клуб мәліметінше, команда төмендегі қарсыластармен ойнайды:

  • 4 ақпан — “Арабиан Фэлконс” (БАӘ)
  • 7 ақпан — “Ноа” (Армения)
  • 10 ақпан — “Спартак” (Ресей)
  • 13 ақпан — “Чжэцзян Профешнл” (Қытай)
  • 16 ақпан — “Динамо Самарқанд” (Өзбекстан)

Оқу-жаттығу жиындары туралы

“Астананың” бірінші ОЖЖ-сы 10–28 қаңтар аралығында “Астана Аренада” өтті. Ал екінші жиын Дубайда (БАӘ) басталып, команда қазіргі таңда дайындықтың негізгі бөлігін сол жақта жалғастырып жатыр.

Өткен маусымның нәтижесі бойынша Қазақстанның жеті дүркін чемпионы КПЛ турнирлік кестесінде екінші орынға тұрақтады.

Ал Қазақстан Кубогы-2025 жарысында “Астана” 1/4 финалда тоқтап, “Жеңіске” жол берді. Негізгі уақытта матч 1:1 аяқталып, пенальти сериясында елордалықтар 3:4 есебімен жеңілді.

Реклама
Реклама