Реклама
Реклама

Ұлттық құрама қақпашысы әзербайжандықтарды тәнті етті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:02

Стас Покатилов пенальтиді қайтарып, командасын жеңілістен құтқарып қалды. 

Sports24.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатиловтың ойыны Әзербайжанда жоғары бағаға ие болды. Атап айтқанда, қазақстандық қақпашы Әзербайжан кубогының ширек финалындағы өнерімен көптің көңілінен шықты. 

Тіпті клубтың ресми Instagram парақшасында Покатиловтың әсерлі сейві көрсетілген видео жарияланды. 

Қазақстандық қақпашы клуб жариялаған видеоға өзі де лайк басты.

"Покатиловтың керемет сейві және қақпа маңдайшасы!" — деген жазба қалдырылған әлеуметтік желідегі парақшада.

Пенальтиді қайтарды

Айта кетейік, "Габалаға" қарсы өткен алғашқы ойында Стас Покатилов 29-минутта пенальтиді қайтарып, командасын голдан құтқарды. Осы эпизодтың арқасында кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Алдағы ойын

Айта кетейік, "Сабах" пен "Габала" арасындағы қарымта матч 3 наурыз күні өтеді.

Реклама
Реклама