Реклама
Реклама

Роналдуға қатысты дау: Сауд Арабиясы 2 млрд шығынға батты

Сарапшы, спорт журналисі
07.02.2026, 15:17

Криштиану Роналду "Әл-Насрдің" бірнеше жаттығуына және екі соңғы матчтарына қатыспады.

Криштиану Роналду / Фото: © Yasser Bakhsh / Stringer / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Португалиялық жұлдыз футболшы Криштиану Роналдуға қатысты туындаған дау Сауд Арабиясы Про-лигасына елеулі соққы болып тиюі мүмкін. Speedline басылымының хабарлауынша, FOX Sports бұл жағдайға байланысты лига­мен серіктестігін тоқтатқан алғашқы ірі халықаралық телеарна атанды.

Лига қаржылай шығынға батуда

Дереккөз мәліметіне сүйенсек, аталған шешімнің салдары ауыр болуы ықтимал. Қазірдің өзінде Про-лига жаһандық медиа және коммерциялық жобалар шеңберінде шамамен 2,4 миллиард доллар көлемінде қаржылай шығынға ұшырағаны айтылуда.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай чемпионаттың халықаралық беделіне нұқсан келтіріп, әлемдік нарықтағы имиджіне кері әсер етуі мүмкін. Себебі Роналду төңірегіндегі оқиға қоғам назарында кеңінен талқыланып жатыр.

Еске сала кетейік, Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатындағы соңғы трансферлік саясатқа қанағаттанбай, «Әл-Наср» клубының матчтарына уақытша бойкот жариялаған еді.

Реклама
Реклама