Реклама
Реклама

Юрген Клопп "Реалды" тізгіндеуге дайын, бірақ...

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 14:19

Fichajes басылымының хабарлауынша, Юрген Клопп клуб басшылығынан бірнеше негізгі позицияны күшейтуді сұраған. 

ru.uefa.com

Атақты бапкер Юрген Клопп мадридтік "Реалдың" бас бапкері қызметіне келуге дайын. Алайда командада кешенді кадрлық ауыс-түйіс жүргізілуі керек. 

БАҚ беттерінде тараған мәліметтерге сәйкес, Клопп "Реал" басшылығына өз талабын ашық айтқан. Яғни жұлдыз ойыншылар трансферінің орнына ойын мәнеріне сай футболшыларды алу керегін жеткізген. Осылайша, алғашқы маусымнан-ақ бәсекеге қабілетті ұжым құру. 

Клопптың көздегені не?

Fichajes басылымының хабарлауынша, Юрген Клопп клуб басшылығынан бірнеше негізгі позицияны күшейтуді сұраған: 

  • Екі орталық қорғаушы
  • Екі жартылай қорғаушы
  • Бразилиялық шабуылшы Эндрикті командаға қайтару 

Бас бапкер қызметіне тағайындалу мүмкіндігі қандай?

Мадридтік клуб Клопптың қызметке келсе, жаңа жобаның бастамасы болатынын түсінеді. Клуб президенті Флорентино Перес неміс бапкерінің шарттарын қабылдау қарқынды, құрылымды және жоғары талапқа негізделген ойын стиліне толықтай бейімделуді білдіретінін жақсы аңғарады.

Әзірге тағайындауға қатысты нақты шешім жоқ. Ол қазіргі бапкерлік штабтың жұмысына байланысты қабылданады. Альваро Арбелоа жетекшілік ететін команда маусым соңына дейінгі нәтижелерімен, соның ішінде жеңген трофейлермен өлшенеді. Сондықтан "Реал" бұл мәселеде асығыстық танытпай, ықтимал өзгерістердің ауқымын мұқият саралап отыр.

Юрген Клопптың бапкерлік жолы

Юрген Норберт Клопп 1967 жылдың 16 маусымында Германияның Штутгарт қаласында дүниеге келген. Футболшы ретінде қорғаушы позициясында ойнап, мансабының басым бөлігін "Майнц 05" клубында өткізді. 2001 жылы футболшы мансабын аяқтады. 

  • 2001-2008 жылдары "Майнц 05"
  • 2008–2015 жылдары дортмундтық "Боруссия" 
  • 2015-2024 жылдары "Ливерпуль" 

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Юрген Клопп Red Bull компаниясында жаһандық футбол бағытының жетекшісі қызметін атқарады.

Реклама
Реклама