Түркия футболындағы заңсыз ставкалар мен келісілген матчтар төңірегіндегі дау жаңа кезеңге өтті.
Жергілікті БАҚ-та құқық қорғау құрылымдарының клуб басшыларына қарсы арнайы әзірленген операцияның нәтижелері жарияланған. Тергеу нұсқасына сәйкес күдіктілердің бір бөлігі өз командалары қатысқан матчтарға бәс тіккен.
Ұсталған 32 президенттің ішінде Түркияның жоғары дивизионында ойнайтын бірқатар команданың өкілі кездеседі. Атап айтқанда, тізімде мына клубтардың басшылары аталады:
Күдіктілерді ұстау үшін полиция 10 провинцияда рейд жүргізген. Мәліметке қарағанда айып тағылғандардың бәрі қамауға алынған, тек бір адам ұстатпай, оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Прокуратура мәлімдемесінде ұсталғандардың өз командалары қатысқан матчтарға бәс тіккені, ал кейбірі тіпті қарсыластың жеңісіне ставка қойғаны айтылады.
Бұл — Түркия футболындағы алғашқы ірі ұсталу емес. Бұған дейін де дәл осы бағыттағы күдікпен 108 жаттықтырушы және 104 клуб менеджері тергеу назарында болғаны хабарланған.
Сонымен қатар осыған ұқсас схемалар бойынша бұрын 1000-нан аса футболшы, 149 төреші әртүрлі мерзімге жазаланып, дисквалификация алған.