Қазақстан Премьер-Лигасының бірқатар клуб басшылары 2026 жылғы маусым басталар тұста толыққанды күнтізбенің жарияланбауына байланысты наразылық білдірді.
Мәліметке сәйкес, Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) жарыстарды ұйымдастыру дирекциясы клубтарға тек алғашқы үш турдың мәліметін ресми түрде ұсынған. Ал 2026 маусымына арналған регламент (чемпионат пен кубок ережелері) лига сайтында жарияланбаған.
Сондай-ақ дирекцияның ресми ресурсы 2026 жылдың басынан бері жаңартылмағаны назарға алынған.
Бұған дейін 2026 маусымының күнтізбесі жасанды интеллект көмегімен жасалатыны жөнінде ақпарат тараған. Жоспарға сай жүйе бірнеше факторды ескеруге тиіс:
ҚПЛ клубтары маусым кестесін алдын ала білу қаржылық жоспарлау үшін өте маңызды екенін алға тартады. Әсіресе тасымал шығындары (ұшақ/автобус/жол), қонақүй бағасы және броньдау, оқу-жаттығу жиындары мен дайындық жоспары. Сондықтан командалар күнтізбемен мүмкіндігінше ертерек танысу қажет деп есептейді.
Еске салайық, Қазақстандағы футбол маусымы 28 ақпанда ресми түрде ашылады. “Астана Арена” стадионында Суперкубок үшін “Қайрат” пен “Тобыл” кездеседі.