Реклама
Реклама

"Челси" капитанының әкесі Дастан Сәтпаевты жаттықтырады

Сарапшы, спорт журналисі
04.03.2026, 13:50

Nigel James Elite Coaching атты футбол академиясының негізін қалаушы Найджел Джеймс Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың жеке тәлімгері болды.

instagram/@d.satpayev

Академия не деді?

Академияның ресми жазбасында Сатпаевтың талантын ерекше атап, оған қолдау мен менторлық жасау міндеті Nigel James Elite Coaching командасына сеніп тапсырылғаны айтылған. Сондай-ақ жас футболшының келесі маусымда “Қайраттан” “Челсиге” ауысуы мүмкін екені де еске салынған.

Instagram-тағы посттағы фотолардың бірінде Найджел Джеймс пен Дастан Сәтпаев “Қайраттың” жаттығу базасында бірге түскен. Осыған қарап, маман ойыншының лондондық клубқа толыққанды ауысуына дейінгі даму процесіне жауапты болуы ықтимал.

Маңызды деталь: Рис Джеймспен байланыс

Айта кетейік, Найджел Джеймс — “Челсидің” қорғаушысы әрі капитаны Рис Джеймстің әкесі. Бұл фактор Сәтпаевтың дайындық бағыты мен кәсіби ортаға бейімделуіне қосымша мүмкіндік беруі мүмкін.

Реклама
Реклама