Беларусь маманы Виталий Жуковский "Атыраудан" кетті.
Клубтың баспасөз қызметі тараптар өзара келісім негізінде келісімшартты тоқтатқанын хабарлаған. Жуковский “мұнайшыларды” алғаш рет 2022 жылдың жазында тізгіндеп, үш жылдан аса уақыт ішінде командамен 85 ойын өткізген. Осы аралықта “Атырау” 28 рет жеңіп, осынша ойында тең түсіп, 29 матчта жеңілген.
Кейін 2025 жылдың басында маман команданың тізгінін босатып, “Тұран” клубына кеткен. Ал арада жарты жыл өткен соң қайта оралып, клубтың ҚПЛ-дегі орнын сақтап қалуына көмектесті.
Өткен ҚПЛ маусымында “Атырау” Жуковскийдің жетекшілігімен 19 ұпай жинап, 13-орынға тұрақтаған.