Реклама
Реклама

Несібе: Зидан армандаған командасын баптайтын болды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:53

Франция футбол федерациясының (FFF) президенті Филипп Диалло ұлттық құраманың жаңа бапкері анықталғанын мәлімдеді.

Offside.kz

Франция футболында жаңа кезең. Аты аңызға айналған Зинедин Зидан ұлттық құраманың жаңа бас бапкері атанбақ.

Франция футбол федерациясының (FFF) президенті Филипп Диалло құраманың жаңа бапкері анықталғанын мәлімдеді. Ол бүкіл ұлтты біріктіретін тұлға болатынын жеткізді. 

"Иә, мен оның кім екенін білемін. Бұл — барлық талаптарға жауап беретін және француз халқы қолдайтын тұлға болуы керек", — деді Диалло.

Ресми келісімшарт 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін жасалады деп күтілуде.

Ұзақ жылдар күткен мүмкіндік

Зинедин Зидан 2021 жылы мадридтік "Реалдан" кеткеннен кейін ешбір команданы жаттықтырған жоқ. Бірақ Еуропаның топ-клубтарынан, ұлттық құрамалардан бірнеше ұсыныс түскен болатын. 

Француз басылымдарының мәліметінше, Зидан тек Франция құрамасын басқару мүмкіндігін күткен.

Дешам дәуірі аяқталуға жақын

Қазіргі бас бапкер Дидье Дешам 2012 жылдан бері Франция құрамасын басқарып келеді. Содан бері француздар Әлем чемпионы (2018) және Әлем чемпионатының финалисі (2022) атанды. Жуырда ол мундиальдан кейін қызметінен кететінін растады:

"Бұл әлем чемпионаты мен үшін ұлттық құраманың бас бапкері ретіндегі соңғы турнирім болады", - деді ол.

Реклама
Реклама