Көп күттірген Клопп бапкерлік қызметке оралмақ

Сарапшы, спорт журналисі
24.03.2026, 17:41

Жуырда атақты маман осыған қатысты мәлімдеме жасады. 

ru.uefa.com

Атақты неміс маманы, "Ливерпульдің" бұрынғы бас бапкері Юрген Клопп бапкерлік қызметке оралу жайлы ойланатынын мәлімдеді.

"Мен әлі зейнет жасына жеткен жоқпын. Бапкер ретінде жолым түбегейлі аяқталды деп ойламаймын. Алдағы жылдары не болатынын ешкім білмейді. Бірақ дәл қазір нақты жоспарым жоқ", — деді Клопп.

Германиялық маман 2023/24 маусымының соңында Ливерпульден кетіп, орнын Арне Слотқа берген еді. Мұндай шешімге шаршағандықтан бардым деп түсіндірген еді сол кезде. 

Red Bull жобасынан кейін жаңа кезең басталуы мүмкін

Қазіргі таңда Юрген Клопп Red Bull концернінде директорлық қызмет атқарып жүр. Бұл рөлде ол футбол жобаларын дамытуға жауап береді.

Дегенмен, бұл кезең Клопптың бапкерлікке деген қызығушылығын толық сөндірмегені байқалады.

"Ливерпульге" оралуы мүмкін бе?

Қазіргі бапкер Арне Слоттың нәтижелері тұрақсыз болып, команда Чемпиондар лигасына жолдама ала алмауы мүмкін деген пікірлер соңғы кездері жиі айтылып жүр. 

Осыған байланысты БАҚ-та Клопптың "Ливерпульге" қайта оралуы туралы қауесеттер тарап жатыр. Бірақ сарапшылардың айтуынша, бұл сценарий іске асуы екіталай. 

Ақпарат көздеріне сүйенсек, 58 жастағы маман үшін ең тартымды нұсқалар:

  • Мадридтің "Реалы";
  • Германия ұлттық құрамасы. 
Реклама
Реклама