Қазақстан Еуро іріктеуінде ұпай жоғалтты
Қазақстан U-21 құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңінде өз алаңында Словакия жастар командасына есе жіберді.
2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Қазақстанның 21 жасқа дейінгі құрамасы "Түркістан Арена" стадионында Словакиямен кездесті.
Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ Словакия қауіпті сәттерді көбірек жасады. Соның бірінде қазақстандық футболшы Әбинур Нұрымбет өз айып алаңында қарсыласын қағып, бас төреші пенальти белгіледі. 11 метрлік айып добын Нино Марцелли мүлтіксіз орындады.
Екінші таймда словакиялықтар қысымды үдете түсті. 56-минутта Артур Гайдош алыстан дәл соққы жасап, допты қақпаның тоғыздығына тоғытты.
Қазақстан жастары матч соңына қарай есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік тапты. 79-минутта Мағжан Тоқтыбай қарсылас қақпашысының қателігін тиімді пайдаланып кетті.
Бірақ қосымша минуттарда Словакия құрамасы соңғы нүктені қойды. Милан Регуш 90+6 минутта гол соғып, матч тағдырын толық шешті — 1:3.
Қазақстанның 21 жасқа дейінгі құрамасы келесі ойынын 31 наурыз күні өз алаңында өткізеді. Қарсылас — Ирландия жастар құрамасы.