Иран билігі спортшылардың "дұшпан" елдерге баруына тыйым салды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:00

Елдің Спорт министрлігі ұлттық және клубтық командаларға "қауіпсіздікке кепілдік жоқ" мемлекеттерге баруға уақытша тыйым салды. 

Фото: Reuters/Umit Bektas

Иран билігі геосаяси жағдайдың ушығуына байланысты спорт саласына жаңа шектеулер енгізді. Яғни "қауіпсіздікке кепілдік жоқ" мемлекеттерге баруға болмайды. Ол АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттерінен басталған соғыс аясында енгізіліп отыр. Құжатта “дұшпан елдер” нақты аталмағанымен, мұндай мемлекеттерге сапарлар арнайы бұйрыққа дейін тоқтатылатыны айтылған. Жаңа ереже халықаралық турнирлерге де әсер етуі мүмкін.

Нақты кімге кесірі тиді?

Атап айтқанда, ирандық “Трактор” футбол клубының АФК чемпиондар лигасы аясындағы плей-офф ойынына қатысты белгісіздік туындады. Команда БАӘ-нің “Шабаб әл-Ахли” клубымен Сауд Арабиясында кездесуі тиіс еді. Бұған дейін плей-офф кезеңінің ойындары Джидда қаласында 13-14 сәуір күндері өтеді деп жоспарланған.

Сондай-ақ, матчтардың финалға дейінгі кезеңдері де осында ұйымдастырылуы тиіс болатын. Министрлік футбол федерациясы мен клубтарды матчтарды кейінге қалдыру үшін Азия футбол конфедерациясына бұл мәселе туралы хабарлауға міндетті болатынын ескертті.

“Дұшпан деп саналатын және ирандық спортшылар мен команда мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтын елдерде ұлттық және клубтық командалардың болуына арнайы бұйрыққа дейін тыйым салынады."

Турнир кестесі өзгеруі мүмкін

 Иранның спорт министрлігінің мәлімдемесінде  әлем чемпионаты туралы айтылмайды.Иранның Мехикодағы елшісі  топтық кезеңнің үш матчын Мексикаға ауыстыру туралы ФИФА-мен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты. Алайда Джанни Инфантино жарыстың жоспар бойынша өтуін қолдайтынын мәлімдеді. Иран үкіметі мен футбол федерациясының өкілдері футболдан әлем чемпионатына бойкот жариялағысы келмейтінін, бірақ шабуылдарға байланысты ұлттық құрама АҚШ-қа бара алмайтынын айтты.

Қазіргі уақытта құрама Түркия аумағында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Команда алдағы күндері Нигерия және Коста-Рика құрамаларына қарсы жолдастық кездесулер өткізуді.

Реклама
Реклама