15 жастағы қазақ баласы "Барселонада" ойнайды

Сарапшы, спорт журналисі
01.04.2026, 21:15

Кәрім Меңдіқанoв Испанияның алпауыт клубы "Барселона" академиясымен келісімшартқа отырды.

instagram.com/@sportilinet

Еуропадағы мүмкіндік

15 жастағы футболшы бұған дейін Каталониядағы “Серданьола” және “Сан-Кугат” командаларында өнер көрсеткен. 2024/2025 маусымында Каталония лигасында ойнап, 7 матчта 2 гол соққан. 

Кәрім 2022 жылдан бері Испанияда тұрады. Каталонияда жаттығады және бірнеше рет “Барселона” жүйесінде жаттығудан өткен. Енді ресми түрде клуб академиясына қосылып, жаңа маусымда команда сапында өнер көрсетеді.

Испаниялық БАҚ мәліметінше, Меңдіқанoвқа бірнеше еуропалық клуб қызығушылық танытқан. Жас футболшының негізгі артықшылықтары ретінде жылдамдық, дриблинг және шеберлігі аталады.

Қазақстан футболы үшін тарихи сәт

Кәрім Меңдіқанoв “Барселона” жүйесіне қабылданған алғашқы қазақстандық футболшы атанып отыр. 2011 жылы Қазақстанда дүниеге келген ойыншы испаниялық футболымен таныс.

Туған жері Орал қаласы. Футболмен Астанада айналысқан. Балалар деңгейінде “Astana Juniors” командасында ойнап, турнирлерде үздік ойыншы деп танылған.

Mundo Deportivo басылымының мәліметіне сәйкес жас футболшы жақын арада Еуропадағы ең беделді жасөспірімдер арасындағы Халықаралық Жерорта теңізі кубогы турнирінде ойнай алады.

Реклама
Реклама