"Барселона" - "Атлетико": Матчты қайдан көруге болады?
Сарапшылар бұл кездесу 3:1 есебімен каталондық клубтың пайдасына шешіледі деген болжам айтады.
Бүгін Чемпиондар лигасының ширек финалында испан дербиі өтеді. Каталондық "Барселона" мен мадридтік "Атлетико" алғашқы матчын өткізеді.
Матч қашан және қайда өтеді?
- Күні: 8 сәуірден 9 сәуірге қараған түн
- Басталу уақыты: 00:00 (Астана уақыты)
- Стадион: "Камп Ноу" (Барселона)
Қазақстандық жанкүйерлер матчты "QazSport" телеарнасында тікелей эфирден көре алады. Сонымен қатар, аталған кездесу "Кинопоиск" стриминг платформасында да қолжетімді.
"Барселона" соңғы кездесулерде тамаша ойын өрнегін көрсетіп келеді:
- Соңғы екі ойында жеңіске жетті
- Өз алаңындағы соңғы үш матчта 10 гол соқты.
Ал "Атлетико" соңғы 20 жылда Барселонада тек бір рет жеңіске жеткен.
Еурокубоктағы статистика
"Барселона":
- 24 матч (испан клубтарына қарсы)
- 7 жеңіс, 6 тең ойын, 11 жеңіліс
"Атлетико":
- 25 матч
- 11 жеңіс, 5 тең ойын, 9 жеңіліс
Қарымта матч 15 сәуірге қараған түні Мадрид қаласында өтеді.
Болжам
"Барселона" бұл қарсыласуда айқын фаворит болып көрінеді. Есепке келсек, кездесу 3:1 есебімен "Барселонаның" пайдасына шешіледі дейді сарапшылар.