Жылына 30 млрд теңге. Футболды қаржыландыру қашан тоқтайды?

Сарапшы, спорт журналисі
16.04.2026, 13:53

Qazaq Expert Club сарапшысы, футбол функционері Алтай Даумов еліміздегі аталған спорттағы өзекті мәселелер мен олардың шешімдерін ұсынды. Эксперттің мәліметінше, Қазақстан Премьер-лигасы жыл сайын шамамен 100 млн доллар табыс әкеледі.

ҚФФ

УЕФА деректеріне сәйкес, Қазақстан Премьер-лигасы жыл сайын шамамен 100 млн доллар табыс әкеледі. Алайда осы қаражаттың бар болғаны 5-6%-ы ғана коммерциялық қызмет есебінен қалыптасады, ал негізгі қаржыландыру мемлекеттік дотациялар арқылы қамтамасыз етіледі», — деп пікір білдірді 

Сарапшының пікірінше, тұрақты мемлекеттік қолдау клубтардың нарықтық механизмдерді дамытуға деген ынтасын төмендетеді. 

“Әлемдік тәжірибеде футбол клубтары төрт негізгі бағыттан табыс табады: телехабар тарату құқықтары, билет сатылымы, демеушілік және трансферлер. Қазақстанда бұл модель әзірге толық іске аспаған. ТВ-құқықтар лига деңгейінде тиімді монетизацияланбаған, билеттен түсетін табыс төмен – орташа билет бағасы $2–4 шамасында, ал трансферлік нарық енді ғана қалыптасу кезеңінде. Демеушілік дамып келеді, бірақ көбіне серіктестік және әкімшілік факторларға тәуелді”

Басқа елдер қалай табыс табады?

Салыстыру үшін сарапшы бірнеше елдің тәжірибесінен мысал келтірді. Польшада Лига коммерциялық тұрғыда орталықтандырылған жүйе құрған, клубтар барлық негізгі бағыттардан табыс табады. Жылдық табыс шамамен 300 млн еуро. Ал Сербияда “Црвена Звезда” және “Партизан” клубтарының табысының көп бөлігі трансферлер мен УЕФА төлемдері арқылы жүргізіледі, жылына 80-90 млн еуроны құрайды. 

Қазақстанға не істеу керек?

Сарапшы елімізге лайықты шешім ретінде екі негізгі бағытты атап өтті:

Біріншіден, ішкі нарықты коммерциялау. ТВ-құқықтарын тиімді сату, матч өткізілетін күндегі табысты арттыру, демеушілік нарықты дамыту.

Екіншіден, трансфер экономикасын қалыптастыру. Жас ойыншыларды дамытып, халықаралық нарыққа шығу мәселені шешімі болуы мүмкін.

Жүйе өзгере ме?

Соңғы жылдары мемлекет қаржыландыруды біртіндеп қысқартуға, клубтарды жекешелендіруге кіріссе де, футбол функционері жүйе өзгермей аталған мәселелер толығымен шешілмейтінін атап өтті.

“Мемлекеттің қаржыландыруды қысқартуы маңызды, өйткені бұл клубтардың қаржылық дербестігін арттыруға ынталандырады. Алайда саланың дамуына басқарушылық құзырет те шешуші рөл атқарады. Кәсіби футбол менеджменті дамымайынша, жүйе дотациялық күйінде қалып, толыққанды нарықтық модельге өте алмайды”

Реклама
Реклама