Хабиб Нурмагомедов еурокубокта ұтылған клубқа махаббатын білдірді

Сарапшы, спорт журналисі
17.04.2026, 10:38

Танымал спортшы аталған командаға бұрыннан жанкүйер екенін жасырмады. 

sportrbc.ru

UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов футболға деген көзқарасын айтып, қай клубқа жанкүйер екенін ашық мәлімдеді. Танымал спортшының таңдауы – мадридтік "Реал".

Нурмагомедов әлеуметтік желідегі парақшасында футболды бала кезден бері бақылап келе жатқанын жеткізді. 

"Мен бала кезден футболды бақылап келемін. Ол кезде әлемнің үздік клубтары мені шақырады деп ойламадым. Көптеген стадион мен базада болдым. Бірақ "Реал Мадрид" – жүрегімнен орын алған клуб", – деп жазды ол.

Спортшы жазбасына "Реал" ойыншылары және бас бапкер Альваро Арбелоамен түскен суретін де қоса жариялады.

Әлемдік клубтармен байланыс

Хабиб соңғы жылдары футбол әлемімен тығыз байланыста. Ол түрлі топ-клубтардың жаттығу базаларына барып, матчтарын тамашалап жүргені белгілі.

Айта кетейік, мадридтік клуб осы аптада Чемпиондар лигасының ширек финалында «Бавариядан» жеңіліп, турнирден шығып қалды (екі матчтың қорытындысы – 1:2, 3:4).

Испания чемпионатында да "Реал" көшбасшы "Барселонадан" 9 ұпайға қалып келеді. Маусымның аяқталуына жеті тур қалған.

Реклама
Реклама