Тарихтағы үздік шабуылшы. Дастан Сәтпаев туралы батыл мәлімдеме жасалды
Жас футболшының нәтижесі сарапшыларды таңғалдырып жатыр.
Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтпаев ел футболының тарихындағы ең мықты форвардтардың бірі. Мұндай пікірді "Қайрат" клубының бұрынғы ойыншысы әрі Қазақстан жастар құрамасының экс-шабуылшысы Айдар Арғымбаев білдірді.
Арғымбаевтың айтуынша, Сәтпаевтың әлеуеті өте жоғары және оның статистикасы бұл пікірді толық дәлелдейді:
"Әлеует тұрғысынан Дастан Сәтпаев – Қазақстан тарихындағы ең мықты шабуылшылардың бірі. Бұл тек менің пікірім емес, оның статистикасы соны көрсетіп тұр. 16-17 жаста мұндай нәтиже көрсеткен шабуылшыны есіме түсіре алмаймын", – деді ол.
2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасында Дастан Сәтпаев:
- 7 матч өткізді
- 3 гол соқты
- 2 нәтижелі пас берді.
Сарапшылардың пікірінше, дәл осындай жаста тұрақты нәтиже көрсету – жоғары деңгейдің белгісі. Бұл Сәтпаевтың тек талантты ғана емес, кәсіби тұрғыда дайын ойыншы екенін аңғартады.