Футбол жанкүйерлері АҚШ-тағы шабуылдан кейін дабыл қағуда

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:45

АҚШ президенті Дональд Трампқа жасалған қарулы шабуылдан кейін жанкүйерлер футболдан әлем чемпионатының қауіпсіздігіне қатысты алаңдауда. Жағдай әлемдік турнир өтетін елдегі қауіпсіздік жүйесіне деген сынды күшейтіп отыр.

ANP/Shutterstock

Вашингтон қаласындағы Hilton қонақүйінде өткен іс-шарада қарулы азамат қызмет бекетінен өтіп, қауіпсіздік қызметкеріне оқ атқан. Президент пен бірқатар шенеуніктер шұғыл эвакуацияланған. 

Әлем чемпионатына әсері қандай?

2026 жылғы әлем чемпионатын АҚШ, Канада және Мексика бірлесіп өткізеді. Турнирде 104 матчтың 78-і АҚШ-та өтеді. Сондықтан елге 10 миллионға жуық жанкүйер келуі мүмкін. Жағдайға байланысты X қолданушысы “әлем чемпионатын қабылдауы керек елде тіпті президент өзін қауіпсіз сезінбейді” деген жазба жариялаған. Әлеуметтік желілерде кейбір жанкүйерлер АҚШ-тағы қауіпсіздік жүйесін сынға алып, турнирді басқа елге ауыстыру керек деген пікірлер де жазылды. Кейбір сыншылар Трамптың ӘЧ-2026 матчтарына қатысуы жанкүйерлерге қауіп төндіруі мүмкін дейді. 

"Менің ойымша, Дональд Трамп әлем чемпионатын қабылдаушы елдің президенті ретінде турнирге келеді. Егер ол өмірге қауіп төндірсе, оның турнирге қатысуы барлық адамға қауіпті бола ма?” , - деп жазды әлеуметтік желі қолданушысы.

Қауіпсіздікке күмән күшейді

Сыншылар ірі спорттық шара кезінде қауіп деңгейі артуы мүмкін екенін айтады. Қауіпсіздік саласының сарапшысы Массимилиано Монтанари бұл жағдай турнирге тікелей әсер етпейді деп есептейді. Эксперттің пікірінше АҚШ-та құпия қызмет пен қауіпсіздік жүйесі жоғары деңгейде жұмыс істейді және қосымша шаралар күшейтіледі. ФИФА бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме бермеген. 

 

Реклама
Реклама