Қазақстан құрамасының жаңа формасы таныстырылады

Сарапшы, спорт журналисі
29.04.2026, 23:13

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың ойын формасына өзгеріс енгізілетінін хабарлады.

kazfootball.kz

ҚФФ-ның Instagram парақшасында Қазақстан құрамасының тәуелсіздік алған кезеңнен бастап бүгінге дейін киген жейделерінің үлгілері жарияланды. Федерация өкілдері әр дәуірдегі форманың өзіндік мәні мен тарихы бар екенін атап өтті.

"Жақында Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа формасы таныстырылады. Осыған орай біз әр кезеңдегі құрама жейделерін еске түсіруді жөн көрдік. Әр джерси — өз дәуірінің белгісі, әр дизайн — жеке тарих", — делінген хабарламада.

Қазір Қазақстан құрамасы 2023 жылы әзірленген форма үлгісін пайдаланып жүр. Бұл экипировка УЕФА-ның Kit Assistance Scheme бағдарламасы аясында жасалған. Жейде дизайнында қазақы ою-өрнектер заманауи стильде бейнеленген.

Ұлттық құраманың қазіргі формасы үш жиынтықтан тұрады:

үйдегі ойындарға арналғаны — ашық сары, сырт алаңдағы матчтарға — қою көк, ал қосалқы нұсқасы — қара түсті. Үшеуінде де бірдей ұлттық нақыштағы өрнек қолданылған.

Реклама
Реклама