Дидье Дрогба Дастан Сәтпаевтың тағдырына араша түсті
Лондондық "Челсидің" аты аңызға айналған шабуылшысы Дидье Дрогба жас шабуылшы Дастан Сәтпаевты жалға жібермей, клуб құрылымында қалдыру қажет деп санайды.
"Челси" академиясы мен негізгі құрамына жақын жүрген қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев тағы да шетелдік футбол қауымының назарын аударды.
Лондондық клубтың бұрынғы жұлдызы Дидье Дрогба жас футболшының әлеуетін жоғары бағалаған.
"Мен Сәтпаевты мұқият бақыладым және оның дамуы үшін "Челсиден" жақсы клуб жоқ екенін ашық айта аламын. Біз оның Чемпиондар лигасында "Реалға" қарсы не істегенін көрдік. Тәжірибесі мол команданың өзі бұл футболшының қандай сапаға ие екенін байқады", — деп келтіреді CFC F_Boy Дрогбаның сөзін.
"Жалға жіберудің қажеті жоқ"
Оның ойынша, Дастан дәл "Челси" құрылымында дамып, негізгі құрамдағы орын үшін күресуі керек.
"Мен жалға беру немесе басқа да ақылға сыймайтын идеялар туралы естігім келмейді. Оны осында қалдырыңыздар, бапкерлер штабынан үйренуге және осы ортада дамуына мүмкіндік беріңіздер", — делінген таратылған мәліметте.
Бұрынғы форвардтың пікірінше, Сәтпаев тек жылдамдығымен немесе гол соғу қабілетімен ғана емес, ойынды түсінуімен де ерекшеленеді.
"Шынымды айтсам, мен оны қазіргі шабуылшыларымыздың көбіне қарағанда жан-жақты форвард деп есептеймін. Себебі ол ойынды жақсы түсінеді, көп жұмыс істейді және нағыз голдық түйсікке ие", — деп келтіреді CFC F_Boy Дрогбаның сөзін.
Алайда бұл сөздер әзірге Дрогбаның өзі немесе "Челси" өкілдері тарапынан ресми расталған жоқ.