Жарнама
Жарнама

Қуат Хамитов Еркебұлан Тоқтарға лақап ат ойлап тапты

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов әріптесі Еркебұлан Тоқтарға жаңа лақап ат ұсынды.

Қуат Хамитов Еркебұлан Тоқтарға лақап ат ойлап тапты
Offside.kz

Хамитов лақап аттың тек қазақша ғана емес, шет тілде де мағынасы болуына мән берген.

"Маған Еркебұлан Тоқтарға арналған "Алтын бала" лақап аты ұнайды. Оның үстіне ағылшынша да әдемі естіледі!" — деп жазды Хамитов Threads желісінде.

Қуат Хамитов пен Еркебұлан Тоқтардың арасындағы медиалық текетірес былтыр қарашада басталған. Сол кезде екі спортшы бокс жекпе-жегін өткізуге бір-бірін шақырып, әлеуметтік желіде қызу пікірталас өрбіткен.

Хамитов қазақстандық рингті "гастарбайтерлердің шоуынан" құтқаратынын айтса, Тоқтар қарсыласын нокаутқа түсіретінін мәлімдеген.

Данияр Елеусіновті жекпе-жекке шақырған

Кейін олардың арасындағы қалжың аралас текетірес достық қарым-қатынасқа ұласты. Еркебұлан Тоқтар Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновті жекпе-жекке шақырған кезде, Хамитов та бұл тақырыпқа араласып, Тоқтармен бірге видео жариялаған.

"Еркебұлан Тоқтар, Данияр жеңсе, ұпай санымен жеңеді, ал мен — нокаутшымын", — деген еді Хамитов.

Бұған Елеусінов: "Бауырға бір соққы болса ешкім мәңгілік емес", — деп жауап берген.

Ақырында спортшылар арасындағы бұл әзіл-қалжың достық қарым-қатынасқа айналды. Биыл 29 наурызда Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінде Хамитов жүргізуші ретінде Тоқтарды жекпе-жек кезінде ринг бұрышынан қолдаған.

Жарнама
Жарнама