"Тобыл" еурокубок алдында күтпеген қиындыққа тап болды

Бас редактор
22.07.2026, 16:19

Команданың чартерлік ұшағынан ақау табылды. Осыған байланысты қостанайлық клуб шұғыл түрде Литваға жету бағытын өзгертуге мәжбүр қалды. 

Vesti.kz

Қостанайлық "Тобыл" УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы матчқа аттанарда күтпеген қиындыққа тап болды. AmanVIBE мәліметінше, команданың чартерлік ұшағы техникалық тексерістен өтпей қалған.

Клуб өкілдеріне ұшақтың алдыңғы әйнегінен жарық табылғаны хабарланған. Қауіпсіздік мақсатында әуе кемесін ауыстыру қажет болған.

Клуб жөндеуді күтпей, басқа бағыт таңдады

"Тобыл" басшылығы ұшақтың жөнделуін күтпей Литваға әдеттегі жолаушылар рейсімен жетуге мәжбүр болды. 

Ақпаратқа сәйкес, "Тоболдың" жаңа маршруты бірнеше кезеңнен тұрады.

Алдымен команда Ыстамбұлға шамамен алты сағат ұшқан. Одан кейін Түркияда түнеген. Бүгін таңғы сағат 07:00-де қостанайлықтар Ригаға ұшты.

Ригаға жеткеннен кейін команда Паневежис қаласына автобуспен барады. Бұл жол тағы шамамен екі сағат уақыт алады.

Матч 23 шілдеде өтеді

"Паневежис" пен "Тобыл" арасындағы алғашқы кездесу 23 шілде күні өтеді.

Матч Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады. Бұл ойын Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында ұйымдастырылады.

Реклама
Реклама