"Челси" Дастан Сәтбаевты негізгі құрамға қосты
Лондондықтар Австралияның "Вестерн Сидней Уондерерс" командасына қарсы өтетін жолдастық матчқа арналған бастапқы құрамын жариялады.
Дастан Сәтбаев алғашқы минуттан алаңға шығады
"Челсидің" ресми мәліметі бойынша, Дастан Сәтбаев кездесуді негізгі құрамда бастайды.
Лондондық команданың бастапқы құрамы:
Шарман-Лоу, Ачеампонг, Тосин, Субулойе, Эменало, Уолш, Уотсон, Эссуго, Делап, Кавума-Маккуин және Дастан Сәтбаев.
Матч Сидней қаласындағы "Аккор" стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 14:45-те басталады.
Сәтбаевтың "Челсидегі" болашағы шешіледі
Бұған дейін Дастан Сәтбаевтың лондондық клубтағы алдағы тағдыры Австралия мен Азиядағы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша анықталатыны хабарланған еді.
Жиын барысында "Челси" бірнеше жолдастық кездесу өткізеді. Қазақстандық шабуылшының жаттығулар мен матчтардағы ойыны бапкерлер штабының бақылауында болады.
Клубтың Сәтбаевқа қатысты түпкілікті шешімді бас бапкері Хаби Алонсо қабылдайды деп күтілуде.