"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласы кім болады?

Футбол шолушысы
29.07.2026, 23:26

Кипрдің "Омониясын" пенальти сериясында жеңген алматылық клуб келесі раундта Болгария немесе Румыния чемпионымен кездеседі.

instagram/@omoniafootball

Үшінші кезеңде кіммен ойнайды?

Рафаэль Оразбахтин жаттықтыратын команда Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның "Левски" және Румынияның "Университатя Крайова" клубтары арасындағы жұп жеңімпазымен кездеседі.

Бұл командалардың алғашқы матчы Софияда өтіп, "Левски" 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Қарымта кездесуден кейін "Қайраттың" келесі қарсыласы нақты анықталады.

"Қайрат" "Омонияны" пенальти сериясында жеңді

Алматылық команда Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Кипрдің "Омониясымен" кездесті.

Никосиядағы алғашқы ойын 0:1 есебімен алаң қожайындарының жеңісімен аяқталған. Алматыдағы қарымта матчта қазақстандық клуб негізгі уақытта 1:0 есебімен басым түсті.

Екі кездесудің қорытындысы бойынша жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Онда "Қайрат" 6:5 есебімен жеңіске жетіп, үшінші кезеңге шықты.

Реклама
Реклама