АПЛ клубына Дастан Сәтпаевты жалға алу ұсынылды

Бас редактор
Бүгін, 12:00

"Челси" туралы жазатын танымал фан-аккаунт "Борнмут" клубына қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевты бір маусымға жалға алуды ұсынды. 

NUR.KZ

Қазақстандық жас форвард Дастан Сәтпаевтың "Челсидегі" алғашқы голы ағылшын футбол жанкүйерлері арасында талқыланып жатыр. Әлеуметтік желіде кейбір жанкүйерлер оны Ағылшын Премьер-лигасының басқа клубына жалға беру нұсқасын ұсына бастады.

"Борнмутқа" ұсыныс жасалды

"Челси" туралы жазатын SIR CHUCHO атты фан-аккаунт X әлеуметтік желісінде "Борнмутқа" үндеу жасады. Бұл аккаунттың 71 мыңға жуық оқырманы бар.

"Мені тыңдаңыздар, "Борнмут". Бір жылдық жалға алу", — деп жазды аккаунт авторы.

Жазбаға Дастан Сәтпаевтың "Челси" сапындағы дебюттік голын тойлаған видеосы қоса жарияланған.

"Челси" жанкүйері әрі футбол аналитигі Blaq Prince лақап атымен танымал қолданушы да бұл ұсынысты қолдады. Оның пікірінше, Сәтпаевтың "Борнмутқа" жалға берілуі екі тарапқа да тиімді болуы мүмкін. Ол бұған "Борнмут" ойыншысы Крупидің төрт айға қатардан шығуын себеп ретінде атады.

Сонымен қатар ол қазақстандық форвардты "Челси" басқа трансферлік келісімде де пайдалана алуы мүмкін деген ой айтты.

Сәтпаев "Челси" сапындағы алғашқы голын соқты

Дастан Сәтпаев "Челси" үшін алғашқы голын 28 шілде күні жолдастық кездесуде соқты.

Лондондық клуб Австралияда "Вестерн Сидней Уондерерс" командасымен ойнады. Кездесу Сиднейдегі "Аккор" стадионында өтті.

Қазақстандық шабуылшы осы ойында көзге түсіп, ағылшын жанкүйерлерінің назарын аударды.

Келесі матч — "Тоттенхэмге" қарсы

"Челси" маусым алдындағы дайындық аясындағы келесі матчын 1 тамыз күні өткізеді.

Хаби Алонсо жаттықтыратын команда дәл сол "Аккор" стадионында Лондонның тағы бір клубы — "Тоттенхэммен" кездеседі.

Реклама
Реклама