Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаев "Бернлидің" негізгі құрамына үшінші рет қатарынан енді

Қазақстандық шабуылшы ағылшын Чемпионшипінің төртінші турында "Мидлсброға" қарсы негізгі құрамда бастайды.

Дастан Сәтпаев "Бернлидің" негізгі құрамына үшінші рет қатарынан енді
instagram/@burnleyofficial

18 жастағы қазақстандық футболшы "Бернли" сапында төртінші рет алаңға шыққалы отыр. Сонымен қатар бұл оның команданың бастапқы құрамындағы қатарынан үшінші кездесуі болмақ.

Бұған дейін Сәтпаев "Вест Бромвич", "Брэдфорд Сити" және "Норвич Ситиге" қарсы ойнады. 

"Норвичке" қарсы өткен соңғы кездесуде алаңда толық 90 минут өнер көрсетті.

"Бернли" мен "Мидлсбро" арасындағы Чемпионшиптің төртінші тур ойыны "Терф Мур" стадионында өтеді. 

Маусымның алғашқы үш турында "Бернли" бір ғана ұпай жинады. Команданың нәтижелері:

  • "Вест Хэм" – 2:2;
  • "Вест Бромвич" – 1:3;
  • "Норвич" – 1:4.

Ал "Мидлсбро" үш турдан кейін алты ұпай иеленіп отыр.

Жарнама
Жарнама