Жарнама
Жарнама

"Елімай" бразилиялық қорғаушымен қоштасты

Семейлік футбол клубы Игор Габриэльдің командадан кеткенін ресми түрде хабарлады.

"Елімай" бразилиялық қорғаушымен қоштасты
instagram/@pflkaz

Екіжақты бұзылған келісім

Клуб таратқан мәліметке сәйкес, 27 жастағы футболшының келісімшарты тараптардың өзара келісімімен мерзімінен бұрын тоқтатылған.

Игор Габриэль ҚПЛ-2026 маусымында "Елімай" сапында 17 матч өткізді. Бразилиялық қорғаушы гол немесе нәтижелі паспен ерекшеленген жоқ. Сонымен қатар екі сары қағаз алып, бір рет өз қақпасына гол жіберіп алды.

Семейліктер алтыншы орында 

Андрей Карпович жаттықтыратын семейлік команда Қазақстан Премьер-лигасының 23 кездесуінде 32 ұпай жинады. Қазір "Елімай" ҚПЛ кестесінде алтыншы орында келеді. 

Соңғы турда семейліктер "Астанадан" төрт жауапсыз гол жіберіп алды. Сарапшылар "Елімайдың" соңғы кезде неліктен соншалықты жігерсіз өнер көрсетіп жүргеніне түсінбей дал.

Жарнама
Жарнама