Рыбакинаның US Open-дегі табысы белгілі болды
Жуырда отандасымыз WTA рейтингінде 58-орында тұрған украиналық Юлия Стародубцеваны жеңіп, жарыстың үздік 16 теннисшісі қатарына енген болатын.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінде үшінші жеңісіне қол жеткізіп, жарыстың 1/8 финалына шықты.
WTA рейтингінде екінші орында тұрған қазақстандық спортшы үшінші айналымда украиналық Юлия Стародубцеваны жеңді.
Рыбакина қанша табыс тапты?
US Open-2026 турнирінің 1/8 финалына шығу Рыбакинаға 480 000 доллар көлеміндегі жүлде қорын және 240 рейтингтік ұпайды қамтамасыз етті.
Бұл – қазақстандық теннисшінің турнирдегі алғашқы үш жеңісінен кейін кепілдендірілген сыйақысы.
Бұған дейін кімді ұтты?
US Open-2026 турнирінің алғашқы айналымында Рыбакина америкалық Теа Фродинді жеңді.
Екінші айналымда испаниялық Джессика Бусас Манейродан басым түсті.
Ал үшінші жеңісін WTA рейтингінде 58-орында тұрған украиналық Юлия Стародубцеваға қарсы ойында тіркеді. Осылайша, Рыбакина Нью-Йорктегі турнирдің үздік 16 теннисшісінің қатарына енді.
Айта кетейік, отандасымыздың АҚШ ашық чемпионатындағы үздік нәтижесі 1/8 финал. Әзірге одан аса алмай келеді.
US Open жеңімпазы қанша алады?
US Open-2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 37,84 миллион доллар.
Әйелдер арасындағы жекелей сынның жеңімпазы 5,5 миллион доллар және 2000 рейтингтік ұпай алады.