Қазақстанның үздік теннисшісі US Open турнирін жеңіспен бастады
Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге US Open-2026 турнирінің жұптық сайысындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.
Екі сетке созылған жеңіс
Бірінші айналымда Қазақстан мен Сербия өкілдері чилилік Алекса Гуарачи және мысырлық Маяр Шериф жұбына қарсы ойнады.
Екі сағатқа созылған тартысты кездесу Данилина мен Круничтің пайдасына аяқталды — 7:5, 7:6 (9:7). Екінші партияның тағдыры тай-брейкте шешілді.
Келесі айналымдағы қарсыластары кім?
Осы жеңістің арқасында Анна Данилина мен Александра Крунич US Open турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды.
Келесі айналымда олар мына жұптардың бірінің жеңімпазымен кездеседі:
Цзян Синьюй (Қытай) / Чжан Шуай (Қытай);
София Кенин (АҚШ) / Анастасия Потапова (Австрия).
Биыл АҚШ ашық чемпионатының жұптық сындағы жалпы жүлде қоры 5 миллион 60 мың долларға тең. Турнир чемпиондары бір миллион доллар көлеміндегі сыйақыға ие болып, WTA рейтингінде 2000 ұпайдан алады.