Жарнама
Жарнама

40 жастағы француз теннисшісі мансабын аяқтап, жаңа салаға бет бұрды

Франциялық теннисші Гаэль Монфис спорттық мансабын аяқтағаннан кейін қаржы саласына ауысуды жоспарлап отыр.

40 жастағы француз теннисшісі мансабын аяқтап, жаңа салаға бет бұрды
AFP/ Getty Images

40 жастағы спортшы болашақ жұмысын алдын ала жоспарлап, швейцариялық компаниямен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді.

"Мен қаржы саласында жұмыс істеймін. Капиталды басқару бағытында жұмыс істеу туралы келісімшартқа қол қойып қойдым. Өмірімнің келесі кезеңі кеңседегі жұмыс пен қаржы саласына байланысты болады", — деді Монфис матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Франциялық теннисші US Open турнирінің екінші айналымында америкалық Ленер Тьеннен 3:6, 4:6, 3:6 есебімен жеңіліп, "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі мансабын аяқтады. Оның US Open турниріндегі ең үздік нәтижесі 2016 жылғы жартылай финал. Сол жылы теннисші ATP рейтингінде мансабындағы ең жоғары алтыншы орынға көтерілді.

Жанкүйерлер ерекше құрмет көрсетті

Теннисшінің 40 жасқа толған күні өткен матчтан кейін Луи Армстронг стадионындағы жанкүйерлер оған ерекше құрмет көрсетіп, есімін ұрандатты. US Open ұйымдастырушылары француз теннисшісіне естелік сыйлық ретінде фотосурет табыстады. 

Монфис Нью-Йорк жанкүйерлерінің қолдауына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, Париж көрермендерінен кейін оған ең жақын жанкүйерлер - Нью-Йорктегі қолдаушылары,

Француз теннисшісі мансабында ATP сериясындағы 13 турнирде жеңіске жетті. Осы маусым аяқталған соң Гаэль Монфис кәсіби теннистегі мансабына нүкте қойып, қаржы саласындағы жаңа кезеңіне қадам басады.

Жарнама
Жарнама