Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Қазақстандық теннисші US Open-2026 турнирі қарсаңында жаңартылған WTA live-рейтингінің бірінші орнына көтерілді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы былтырғы АҚШ ашық чемпионатында жинаған небәрі 230 ұпайын қорғауы керек. Осы есеп бойынша Рыбакина 7911 ұпаймен live-рейтингтің көшін бастады.
Турдың қазіргі ресми лидері Арина Соболенко екінші орынға түсті. Беларусь теннисшісі US Open додасының қазіргі чемпионы болғандықтан биыл 1990 рейтингтік ұпайын қорғауы қажет. Оның live-рейтингтегі көрсеткіші — 6585 ұпай.
Үздік үштікті америкалық Джессика Пегула түйіндеп тұр. Оның еншісінде 6495 ұпай бар, ал турнир барысында 770 ұпайын қорғауы керек.
Live-рейтинг турнир нәтижелеріне байланысты күн сайын өзгеретінін және ресми рейтингтен бөлек есептелетінін атап өткен жөн.
Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының бірінші айналымында 17 жастағы америкалық Тея Фродинмен кездеседі. Жас теннисші WTA рейтингінде 580-орында тұр.