Жарнама
Жарнама

Англия құрамасының жұлдызы 2 жылға сотталудың алдында тұр

Англия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Рахим Стерлинг жол-көлік оқиғасына байланысты бірнеше айып бойынша сот алдында жауап береді.

Англия құрамасының жұлдызы 2 жылға сотталудың алдында тұр
Getty Images

Футболшы кінәлі деп танылған жағдайда, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 31 жастағы футболшыға қауіпті көлік жүргізу, азот тотығын заңсыз пайдалану мақсатында сақтау және жол апатынан кейін талдау үшін сынама беруден бас тарту бойынша айып тағылды. Футболшы оқиғадан кейін қамауға алынып, кейін кепілмен босатылған.

Оқиға 28 мамырда Хэмпшир графтығындағы M3 тасжолында болған. Стерлинг өзінің көлігімен жолдың оңтүстігіне қарай қозғалып келе жатып, Минли жол айрығына жақын жерде қоршауға соғылған. Полиция мәліметінше, апатта ешкім зардап шекпеген. Хэмпшир полициясының өкілі Стерлингтің 15 қыркүйекте Бейзингсток қаласында сотқа келетінін растады.

"Келесі айда Стерлинг тасжолдағы жол-көлік оқиғасына қатысты айыптар бойынша сотқа келеді. Оған қауіпті көлік жүргізу, азот тотығын заңсыз пайдалану мақсатында сақтау және талдау үшін сынама беруден бас тарту бойынша айып тағылды", — деп құзырлы органдар мәлімдеме жасады.

4 түрлі ағылшын клубында ойнаған

Қазіргі таңда Рахим Стерлинг еркін агент мәртебесінде. Ол бұған дейін нидерландтық "Фейеноорд" сапында өнер көрсеткен. Стерлинг мансап жолында "Ливерпуль", "Манчестер Сити", "Челси" және "Арсенал" клубтарында ойнады. Футболшы "Манчестер Сити" сапында Англия чемпионатын төрт рет, Лига кубогын бес рет және Англия кубогын жеңіп алды.

Стерлинг – Чемпиондар лигасында төрт түрлі ағылшын клубының сапында алаңға шыққан тарихтағы жалғыз футболшы. Сондай-ақ шабуылшы Англия ұлттық құрамасында 82 матч өткізіп, 20 гол соққан.

Жарнама
Жарнама