ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Агент: Максим Самородов осы аптада "Спартакқа" ауысады

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Мәскеудің "Спартак" клубына ауысуға жақын.

Агент: Максим Самородов осы аптада "Спартакқа" ауысады
kazfootball.kz

"Спартак" Самородов үшін 8 миллион еуро төлеуі мүмкін

Футбол агенті Тимур Гурцкаяның айтуынша, мәскеулік клуб 24 жастағы футболшының трансфері үшін Грозныйдың "Ахматына" 8 миллион еуро төлеуге дайын.

Егер келісім ресми түрде аяқталса, Самородов мансабын Ресейдің ең танымал клубтарының бірінде жалғастырады.

Айта кетейік, "Ахмат" қазақстандық шабуылшыны 2024 жылдың жазында "Ақтөбеден" шамамен 1 миллион еуроға сатып алды. Осылайша грозныйлық клуб футболшының трансферінен айтарлықтай пайда табуы мүмкін.

РПЛ-де легионер болып саналмайды

Қазақстандық футболшының "Спартак" үшін тағы бір артықшылығы – оның Ресей Премьер-лигасында легионер мәртебесіне ие болмауы.

Бұл жағдай мәскеулік клубқа Самородовты құрамға тіркеу кезінде шетелдік ойыншыларға қойылатын лимит тұрғысынан қосымша мүмкіндік береді.

Самородов өткен маусымда "Ахмат" сапында барлық турнирді есептегенде 34 матчқа қатысқан. Шабуылшы 5 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. 

Самородов Қазақстан ұлттық құрамасының да негізгі футболшыларының бірі саналады.

Бұған дейін БАҚ-та Максим Самородовтың мансабын Солтүстік Американың MLS чемпионатында жалғастыруы мүмкін екені хабарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.