ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Өзбекстан Чемпиондар лигасында Қазақстаннан озып кетті

2026/2027 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде Өзбекстаннан екі футболшы өнер көрсетеді. Ал Қазақстан атынан бір ойыншы қатысады. 

Өзбекстан Чемпиондар лигасында Қазақстаннан озып кетті
vesti.kz

Өзбекстандық екі футболшы Чемпиондар лигасында ойнайды

Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов Англияның "Манчестер Сити" клубы сапында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысады. Ағылшын клубы турнирдің негізгі кезеңіне тікелей жолдама алған.

Ал тағы бір өзбекстандық футболшы Умарали Рахмоналиев Әзербайжанның "Сабах" командасымен бірге іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

"Сабах" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта кездесуде Израильдің "Хапоэль" Беэр-Шева командасын қосымша уақытта 5:2 есебімен жеңді. Ал алғашқы матчта әзербайжандық клуб 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша екі кездесудің қорытындысы бойынша "Сабах" 6:4 есебімен басым түсіп, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

Қазақстан атынан Стас Покатилов өнер көрсетеді

Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов та "Сабах" сапында Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнайды.

Покатилов шешуші қарымта кездесуге команда капитаны ретінде шығып, алаңда толық 120 минут өткізді.

Осылайша Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі футболшылар саны бойынша Өзбекстан Қазақстаннан 2:1 есебімен алға шықты.

УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/2027 маусымындағы жалпы кезеңінің жеребесі 27 тамызда тартылады. Ал алғашқы тур матчтары 8-10 қыркүйек аралығында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.