ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

УЕФА Чемпиондар лигасында қолданылатын жаңа допты көрсетті

Жаңа дизайн еңбек, амбиция және чемпиондық жол идеясын бейнелейді.

УЕФА Чемпиондар лигасында қолданылатын жаңа допты көрсетті
sportnews.kz

УЕФА мен Adidas 2026/27 маусымында ерлер және әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасында қолданылатын жаңа ресми доптарды таныстырды.

Жаңа дизайнда турнирдің басты символы саналатын жұлдыздар сақталғанымен, оның безендірілуіне ерекше концепция енгізілген.

Дизайнның негізінде қандай идея жатыр?

УЕФА мәліметінше, доптың дизайны "чемпиондар ешкім көрмеген сәтте қалыптасады" деген идеядан туған. 

Фото:  Offside.kz

Жаңа модельде суық әрі тұманды таңғы уақытта жаттығу жасап жүрген футболшылардың образы бейнеленген. Алаң үстіндегі тұман еңбек, табандылық, амбиция және нәтижеге жетуге деген ұмтылыстың символы ретінде пайдаланылған.

"Ресми доп көзге көрінбейтін, бірақ табысқа тікелей әсер ететін еңбекті бейнелейді. Дизайнға суық әрі тұманды таңғы жаттығулардың атмосферасы негіз болған", – делінген сипаттамада.

Металл реңктер мен қызғылт логотиптер

Доптың негізгі түсі – ақ. Оның үстіне металл түстес элементтер енгізілген.

Тұман эффектісі Чемпиондар лигасының фирмалық жұлдыздарының арасынан өтіп, жарықты шағылыстыратын визуалды әсер қалыптастырады.

Adidas пен Чемпиондар лигасының логотиптері қанық қызғылт түспен орындалған. Бұл жалпы дизайнға айқын акцент беріп, доптың сыртқы көрінісін бұрынғы нұсқалардан ерекшелендіреді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.