"Қайраттың" Конференция лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды
Алматылық "Қайрат" Конференция лигасының жалпы кезеңі жеребесінде төртінші себеттен орын алды.
Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері төртінші себетке Бельгияның "Сент-Трюйден", Норвегияның "Бранн", Шотландияның "Хартс", Түркияның "Трабзонспор" және Румынияның "Университатя Крайова" клубтарымен бірге орналасты.
"Қайратқа" кімдер қарсылас болуы мүмкін?
Әр клубтың барлық себеттен бір қарсыласы анықталып, үш ойын өз алаңында, үшеуі сыртта жалпы алты матч өткізіледі.
- Бірінші себетте "Аталанта", "Брага", "Аякс", "Фрайбург", "Монако" және "Копенгаген" клубтары бар.
- Екінші себет: "Митьюлланд", "Црвена Звезда", "Гент", "Панатинаикос", "Пафос" және "Брайтон";
- Үшінші себет: "Лугано", "Хетафе", КуПС, "Твенте", "Линкольн Ред Импс" және "Борац" ;
- Бесінші себет: "Рига" , "Хайдук" , "Яблонец" , "Нордшелланд" , "Орхус", "Интер" Эскальдес";
- Алтыншы себет: "Тун" , ЦСКА София , "Кауно Жальгирис" , "Мьельбю" , "Иберия" , "Эгнатия" .

Фото: УЕФА
Конференция лигасының жалпы кезеңінің жеребесі бүгін, 28 тамызда Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады. Жалпы кезеңде 36 клуб бақ сынайды. Турнирдің алғашқы ойындары 15 қазанда басталады. Еске салсақ , алматылықтар Еуропа лигасындағы екі матчтың қорытындысы бойынша "Андерлехтке" 0:6 есебімен есе жіберді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.