ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Дэвид Бекхэм франциялық клубты сатып алмақ

Англия құрамасы мен "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы жұлдызы Дэвид Бекхэм футбол бизнесін Еуропаға кеңейтуі ықтимал.

Дэвид Бекхэм франциялық клубты сатып алмақ
sovsport.ru

Қазір америкалық "Интер Майами" клубының тең иелерінің бірі саналатын Бекхэм Франциядағы танымал командалардың бірін сатып алуға қызығушылық танытып отыр.

Клуб 100 млн еуроға бағаланауы мүмкін

Ouest-France мәліметінше, клубтың қазіргі қожайындары команданы сату мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Қазіргі уақытта үш әлеуетті сатып алушы бар. Солардың бірінің ұсынысы шамамен 100 миллион еуроға бағаланған.

Үміткерлер қатарында Дэвид Бекхэмнің де есімі аталып отыр. Басылымның жазуынша, ағылшын футболының аңызы бұл жобаға бұрыннан қызығушылық білдірген. Оның өкілі жергілікті Collectif nantais бастамашыл тобының мүшелерімен кездесіп, ықтимал инвестиция мәселесін талқылаған.

"Интер Майамидегі" тәжірибесі бар

Футбол клубына инвестиция салу Дэвид Бекхэм үшін жаңа бағыт емес. Ол 2018 жылдан бері "Интер Майами" клубының тең иесі саналады.

Соңғы жылдары Флорида командасы MLS-тегі ең танымал жобалардың біріне айналды.

Айта кетейік, Дэвид Бекхэмнің дәулеті шамамен 1,36 миллиард еуроға бағаланады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.