ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Покатилов бастаған "Сабах" алғаш рет Чемпиондар лигасына жолдама алды

Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов Әзербайжанның "Сабах" клубы сапында Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне алғаш рет жолдама алды.

Покатилов бастаған "Сабах" алғаш рет Чемпиондар лигасына жолдама алды
instagram/sabahfc

Драмалық кездесуде жеңіске жетті

25 тамызда Бакудегі Тофик Бахрамов атындағы Республика стадионында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта матч өтті. "Сабах" Израильдің "Хапоэль" командасын 5:2 есебімен жеңді.

Ойында қонақтар 10-минутта есеп ашса, бірінші таймның соңында Кристиан Нвачукву есепті теңестірді. Алайда 61-минутта Гай Мизрахи мүмкіндікті пайдаланып, "Хапоэльді" қайта алға шығарды.

74-минутта Умарали Рахмоналиев есепті 2:2-ге жеткізді. Негізгі уақыттың соңғы секундтарында "Сабах" таразы басын өз пайдасына аударды. 90+4 минутта Теллур Муталимов гол соғып, матчты қосымша уақытқа жіберді.

Қосымша уақытта жеңісті жұлып алды

Қосымша уақытта алаң иелері қарсыласын тізе бүктірді. Алдымен Патрик Мбина 101 минутта гол соқса, кейін Джой-Ланс Микелс 115 минутта ойынның нүктесін қойып, есепті 5:2 етті. Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов кездесуде 120 минут бойы алаңда болып, "Сабахты" капитан ретінде бастап шықты.

Еске салсақ , командалардың арасындағы алғашқы ойын "Хапоэльдің" 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталған еді. Осылайша, "Сабах" екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жетіп, өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Ал "Хапоэль" Еуропа лигасының негізгі кезеңінде бақ сынайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.